Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қазфосфат» зауытына 5 миллион теңге айыппұл салынды

Тараздықтарды көк түтінмен улаған «Қазфосфат» зауытына 5 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

03.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Кәсіпорынға жоспардан тыс тексеріс жүргізген экологтар бес заң бұзушылықты анықтаған. Алайда, басшылық экологтар тапқан кемшілітердің кейбірін мойындамайтынын айтқан.

Еске салайық, 11 шілде күні кәсіпорында арнаулы сорғы істен шығып, Тараз қаласын түтін басқан еді. Салдарынан тұрғындардың денсаулықтары сыр берген. Арнайы құрылған комиссия зауыт басшылығы апат фактісін жасыруға тырысқанын анықтады.

Оқиға күкірт қышқылы цехында болған. Бірақ, бұл туралы ресми түрде екі сағаттан кейін ғана хабарланды. Экологтар ауа қабатын тексеріп, фторлы сутектің мөлшерден 7,5 есе артқанын анықтады. Одан кейін Елорда, Шымкент және Қарағанды облысының мамандары келіп, он күндік жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Нәтижесінде, зауыттан шыққан күкірт триоксиді 18 минут бойы ауа қабатына тарап, бір тоннадан астам күкірт триоксидін шығарғанын айғақтады.

Мамандар бес бірдей заң бұзушылық болғанын растады. Зауыт басшылығы бір ай мерзімде аталған проблеманы жойып, айыппұл төлеуге міндеттелді. Талап дер кезіне орындалмаса, экологтар қатаң шаралар қолданатынын ескертті.

Тегтер: Тараз

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында жасөспірімдерге арналған жазғы жұмыс бағдарламасы басталады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Алматы облысында соңғы қоңырау соғылды: 20 мыңнан астам түлек үлкен өмірге қадам басты

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Құрбан айт: Алматы облысында қауіпсіздік пен санитариялық талап күшейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Соңғы қоңырау-2026: 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтады

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Қорлан Нұрланқызы
25.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz