Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтарға несиені үш айға дейін төлемсіз шегеру мүмкіндігі берілді

Қазақстанда әлеуметтік осал топтар мен төтенше жағдайдан зардап шеккен азаматтар үшін несиені өтеуді уақытша тоқтату мүмкіндігі қарастырылды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
18.09.2025
Жаңалықтар

2025 жылғы 28 тамыздағы №49 қаулыға сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары мұндай азаматтарға кемінде үш айға несие төлемдерін кейінге қалдыруға міндетті. Ең бастысы – бұл қызмет комиссиясыз және қосымша төлемсіз көрсетіледі.

Қашан беріледі?

Несиені кейінге қалдыру құқығы мынадай жағдайларда беріледі:

  • қарыз алушының соңғы екі айдағы орташа табысы өткен 12 айдағы кіріспен салыстырғанда 30 пайыздан көп төмендесе;

  • қарыз алушыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалса.

Қажетті құжаттар тізімі

Несиелік ұйымдардың негізсіз бас тартуын болдырмау үшін құжаттардың бірыңғай тізімі бекітілді. Қарызды кейінге қалдыру үшін мына құжаттардың бірі ұсынылуы қажет:

  • жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;

  • соңғы алты айдағы кірісі туралы мәлімет;

  • еңбек шартын тоқтату немесе ақысыз демалысқа жіберу туралы акт;

  • уақытша еңбекке жарамсыздық парағы;

  • жүктілік, босану, бала асырап алу немесе үш жасқа дейін бала күтімі бойынша демалысты растайтын құжат;

  • БЖЗҚ-дан үзінді көшірме.

Қаулының мақсаты

Бұл шаралар 2025 жылғы 30 маусымдағы заңды жүзеге асыру аясында қабылданған. Қаулының толық мәтіні Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Жаңа ереже қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға уақытша қолдау көрсетіп, олардың несиелік жүктемесін жеңілдетуге бағытталған.

Тегтер: қазақстаннесие

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz