Қазақстанның белгілі актері Мурат Бисенбиннің қайтыс болғаны белгілі болды. Қаралы хабарды марқұмның қызы жеткізді. Ол көрерменге «Рэкетир» фильміндегі рөлі арқылы кеңінен танылған.
Өнер иесі 2024 жылдан бастап ұйқы безі қатерлі ісігімен күрескен. Ал 2025 жылдың соңында инсульт алып, оның денсаулығы күрт нашарлаған. Жақындары мен әріптестері барынша қолдау көрсеткенімен, актердің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
Фото: instagram.com/jemappelledali/






