«Үшінші атом электр станциясын Қытай салады. Қазір бұл станция орналасатын нақты орынды анықтап жатырмыз. АЭС жанында міндетті түрде тұрақты сумен қамту көзі болуы керек және электр энергиясын тарату аймақтары да белгіленуі тиіс. Бұл жұмыстар алдағы уақытта толық аяқталып, биылдың өзінде жаңа станциялардың қайда салынатыны ресми түрде жарияланады деп үміттенеміз», – деді вице-премьер.





