«22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылған сәттен бері ҚР Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 31 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», — деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі ОСК отырысында.
Оның айтуынша, 4 халықаралық ұйымнан 54 байқаушы аккредиттеу үшін ұсынылды, оның ішінде ТМД – 31 байқаушы, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 10 байқаушы, Ислам ынтымақтастық ұйымынан – 3 байқаушы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан – 10 байқаушы бар.
5 шет мемлекеттен 9 кандидатура, атап айтқанда Армениядан — 2, Мажарстаннан — 2, Молдовиядан екеу, Ресейден екеу және Швыециядан – 1 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды.
Аккредиттеу үшін келіп түскен ұсыныстарға қарай, байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.
Бұған дейін ОСК президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырған еді.
Сонымен бірге, 4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады.