2024 жылдың IV тоқсанында:
— Медианалық жалақы – 308 717 теңге
— Орташа жалақы – 434 982 теңге
2023 жылдың IV тоқсанымен салыстырғанда:
— Номиналды жалақы 10,5%-ға артты
— Инфляцияны ескере отырып, нақты өсім 1,8%-ды құрады
Жалақының өсуі жалақы қорының ұлғаюымен, жылдық бонустар мен мерекелік сыйлықақылармен байланысты.
Ең жоғары жалақы өсімі тіркелген салалар:
— Ақпарат және байланыс – +32,8%
— Ауыл, орман және балық шаруашылығы – +22,7%
— Жылжымайтын мүлік операциялары – +20,3%
Аймақтар бойынша ең жоғары жалақы өсімі:
— Алматы, Шымкент – +13,6%
— Қарағанды облысы – +13,2%
— Солтүстік Қазақстан облысы – +12,9%
— Ақтөбе облысы – +12,6%