Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 616,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 193,8 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 422,5 миллиард теңге жұмсалған.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 354 мың адам.
2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 132 852 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге.