Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандағы 11 әуежайға қатысты тергеп-тексеру басталды

Қазақстанда бірқатар әуежайларда авиакеросин бағасының негізсіз қымбаттауына байланысты тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2025
Жаңалықтар

Ведомствоның мәліметінше, жүргізілген талдау нәтижесінде халықаралық жолаушылар және жүк әуе тасымалдаушылары үшін отын құнының жасанды түрде өсірілгені анықталған. Нәтижесінде Қазақстан әуежайларындағы авиакеросин бағасы көршілес мемлекеттермен салыстырғанда 5–30 пайызға қымбат болып шықты. Бұл соңғы бес жыл ішінде жүк әуе тасымалы көлемінің 36 пайызға, ал халықаралық рейстердің 58 пайызға қысқаруына ықпал еткен.

Агенттіктің дерегіне сүйенсек, отандық әуе компаниялары авиакеросинді тікелей жер қойнауын пайдаланушылардан мемлекеттік жеткізу кестелері арқылы алса, шетелдік тасымалдаушылар оны көтерме және бөлшек сатушылар тізбегі арқылы сатып алуға мәжбүр. Бұл ретте әуежайлар немесе олармен байланысы бар ұйымдар бөлшек саудада сатқан жағдайда жанармай құны 60 пайызға дейін өсетіні белгілі болды.

Мамандардың айтуынша, әуежайлардың авиакеросин өткізумен айналысуына 2017 жылдан бастап рұқсат берілген. Бұл қадам әуежай қызметтерінің тарифін тежеп отыру мақсатында қабылданғанымен, қазір әуежайлардың қаржыландырылуының 80 пайызы дәл осы жанармай саудасынан түскен табыс есебінен қамтамасыз етіліп отыр. Алайда, заңнамаға сәйкес негізгі қызметтен түскен кіріс мемлекет тарапынан реттелсе, авиакеросинді қымбат бағамен сатудан түскен қаржы бақылаусыз қалып отыр.

Қазіргі таңда монополиялық баға белгілеу белгілері бойынша төмендегі әуежайларға қатысты тергеп-тексеру жүргізілуде: «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ, «Қорқыт Ата әуежайы» АҚ, «Сары-Арқа әуежайы» АҚ, «Шымкент әуежайы» АҚ, «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ, «Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ, «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ, «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ, «Орал халықаралық әуежайы» АҚ, «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС және «Жезқазған-Эйр» АҚ. Сонымен қатар авиакеросиннің қайталама көтерме өткізу нарығында да тексерулер басталды.

Айта кетейік, агенттік бұған дейін 2023 жылы мұнай өңдеу қызметтеріне жоғары баға белгілеп, нарықтағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру аяқтап, іс материалдарын құқық қорғау органдарына жолдаған болатын.

Тегтер: әуежайқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz