Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда жұмыртқа қымбаттады

Қазақстанда жұмыртқа бағасы өсті, деп хабарлайды Alataunews.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

18.11.2022
Жаңалықтар

Қазанда бірінші санаттағы жұмыртқа бағасы бір айда 6,3 пайызға, ал жылдық өсімде 14,8 пайызға қымбаттаған.

Бір айда бағаның ең үлкен өсімі Ұлытау (19,8 пайыз), Павлодар (14,7 пайыз) және Қызылорда облыстарында (13,6 пайыз) тіркелген. Ең төменгі баға Алматы облысында, мұнда 0,4 пайызға өскен.

Бір жыл ішінде Қызылорда облысында жұмыртқа қатты қымбаттаған, яғни баға 52,2 пайызға көтерілген. Одан кейін Қостанай облысында 34,1 пайызға өскен. Ал Алматыда баға, керісінше, 4 пайызға төмендеген.

Жыл басынан бері елде 3,8 миллиард жұмыртқа өндірілген, бұл былтырмен салыстырғанда, 5,3 пайызға көп. Өңірлер арасында өндірісте СҚО көш бастап тұр, мұнда 559,9 миллион жұмыртқа өндірілген. Биылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті компаниялар жұмыртқаға сұранысты 96,3 пайызға қамтамасыз еткен.

Ал импорт 3,7 пайыз болған. Елге жыл басынан бері 130,8 миллион жұмыртқа әкелінген. Сонымен қатар, экспорт 2,2 есеге өсіп, 184,5 миллионға жеткен.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылық

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Акжаркын
05.11.2026

Қоғамдық қауіпсіздік – қоғам тұрақтылығының кепілі

Акжаркын
05.11.2026

Өз мүлкіңді қорға – өз құқығыңды біл

Акжаркын
05.11.2026

Абай бол! Жол қауіпсіздігі әркімнен басталады

Акжаркын
05.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
05.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz