«Қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейінде маман басқаруы керек. Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу керек. Қазақстанды бәсекелі ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», — деді Тоқаев ел халқына Жолдауында.




