Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тетіктері талқыланып жатыр

Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіруге бағытталған жаңа тәсілдер талқыланып жатыр. Бұл мәселе Қазақстан Республиазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың ықтимал нұсқалары талқыланды. Арнайы жұмыс тобының отырысында бірнеше модель, соның ішінде Сингапур тәжірибесі қаралды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам

Ведомство мәліметінше, жиынға мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының және бейінді ұйымдардың өкілдері қатысып, елдегі зейнетақы жүйесін жаңғыртуға қатысты бірнеше модельді талқылады.

Сингапурлық модель ұсынылды

Отырыста жұмыс тобының қарауына зейнетақы жүйесінің сингапурлық моделіне негізделген жоба ұсынылды.

Бұл модель азаматтардың міндетті зейнетақы капиталын қалыптастыруды көздейді. Сонымен қатар азаматтарға зейнет жасына жеткенге дейін жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй сатып алуға, білім алуға, медициналық қызметтердің ақысын төлеуге немесе инвестициялауға пайдалану мүмкіндігін береді.

Министрлік таратқан хабарламада аударылатын қаражат үш бөлек шотқа бөлінетіні, оның бірі тұрғын үй мәселесін жеңілдетілген тәртіппен шешуге бағытталатыны айтылған.

Сарапшылар әлеуметтік осал топтарға қатысты ұсыныстар айтты

Талқылау барысында сарапшылар ұсынылған модельдің әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың мүдделерін қаншалықты толық ескеретініне назар аударды. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналардың зейнетақымен қамсыздандырылуына әсерін жан-жақты зерделеу қажеттігі айтылды.

Жұмыс тобы бұл бағыттағы ұсыныстар қосымша талданып, әлеуметтік салдары мұқият бағаланатынын жеткізді.

Басқа да баламалы модельдер қарастырылып жатыр

Отырыста Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да өзінің ұсынысын таныстырды. Ол азаматтың орташа айлық табысының медианалық жалақыға қатынасы мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу ұзақтығына қарай есептелетін әлеуметтік зейнетақы төлемін енгізуді ұсынады.

Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс беруші аударатын жарналардың 4 пайызын азаматтың жеке зейнетақы шотына, ал 1 пайызын ынтымақты (сақтандыру) құрамдасқа бағыттауды көздейтін модельді таныстырды.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл жинақтаушы зейнетақы жүйесін сақтандыру тетіктерімен және өмір бойы төленетін төлемдер жүйесімен тиімді ұштастыруға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлық ұсыныстардың қазіргі уақытта сараптамалық талқылау кезеңінде екенін атап өтті.

Ведомство түпкілікті шешімдер әрбір бастаманың әлеуметтік әділеттілікке, қаржылық тұрақтылыққа және азаматтардың түрлі санаттарына ықпалы жан-жақты сараланғаннан кейін ғана қабылданатынын мәлімдеді.

Тегтер: зейнетақыҚазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы жүйесін реформалаудың жаңа тетіктері талқыланып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026

Бас прокуратура Құрылтай сайлауына байланысты заң талаптарын сақтауға шақырды

Қорлан Нұрланқызы
08.07.2026

Жолдағы қауіпсіздік мәдениеті – адам өмірін сақтаудың басты кепілі

Диана Ахметова
08.07.2026

Жеке меншікті қорғау – заңның маңызды міндеті

Диана Ахметова
08.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
08.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz