Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда отбасының цифрлық картасы іске қосылды

1 қаңтардан бастап Қазақстанда отбасының цифрлық картасы іске қосылды. Бұл жүйеде мемлекеттік органдардың барлық дерекқоры жинақталған, деп хабарлайды Alataunews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап

05.01.2023
Жаңалықтар

Отбасы цифрлық картасында азаматтардың табыс деңгейі, жылжымалы және жылжымайтын мүліктің болуы, отбасы құрамы, кредиттің болуы және тағы басқа әртүрлі ақпарат бар, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі.

Қазіргі таңда отбасылық цифрлық картада Қазақстанның 19,5 млн азаматы немесе 6,3 млн отбасы туралы ақпарат жинақталған.

Әлеуметтік қиындық туындаған жағдайда ОЦК жәрдемақы немесе әлеуметтік төлемді проактивті түрде алуға мүмкіндік береді.

«Ол үшін ОЦК арқылы әлеуетті жәрдемақы алушыға SMS-хабарлама жіберіледі және оң жауап болған жағдайда оған тиісті төлем тағайындалып, тиісті қаражат банктік шотына аударылады. Апробация кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін барлығы 56,9 мың SMS-хабарлама жіберіліп, жауап берген 12,9 мың азаматқа қолдау шаралары көрсетілді»,  — деп хабарлайды министрлік.

Естеріңізге сала кетейік, ОЦК 2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап пилоттық режимде іске қосылды. Отбасы цифрлық картасы арқылы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрін алуға болады:

— жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;

— бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;

— жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;

— асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер;

— мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) берілетін жәрдемақылар, мүгедектігі бойынша жәрдемақылар;

— көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар; «Күміс алқа» немесе «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға берілетін жәрдемақылар;

— атаулы әлеуметтік көмек.

Сондай-а, азаматтарға цифрлық карта арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама жіберіледі.

2023 жылы әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтер тізбесі кеңейтіледі. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізіледі. 2025 жылдан бастап жоғарыда аталған үш салада мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылмақ.
Алаяқтықты болдырмау үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет.

Тегтер: Қазақстанотбасыцифрлы карта

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz