Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда өрттің алдын алу шаралары қарқын алды

Қазақстан өңірлерінде жылыту маусымында өрттер мен көміртегі тотығымен уланудың алдын алуға бағытталған республикалық «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жалғасып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2025
Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен волонтерлік ұйымдар халықтың әлеуметтік осал топтарына баса назар аудара отырып, тұрғын үйлерді аралап, кең көлемді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Жетісу облысында ТЖД қызметкерлері үйлерді белсенді аралап, азаматтарға өрт қауіпсіздігі ережелері, жылыту құрылғыларын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бүгінге дейін 2 085 көміртегі тотығы датчигі орнатылып, 56 үйдің мұржасы тазартылды. Мұндай профилактикалық жұмыстың нәтижесінде өңірдегі өрт саны 10 пайызға төмендеген.

Тараз қаласының Қайнар ықшамауданында газ қызметі, электр желісі қызметкерлері, еріктілер және БАҚ өкілдері қатысқан рейд өтті. Тұрғындарға арнайы жадынамалар таратылып, өрттің алдын алу бойынша кеңестер берілді және улы газ датчиктері орнатылды. Қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Қарағанды облысында да тұрғын үй секторындағы профилактикалық жұмыстар күшейтілген. Жылыту маусымы басталғалы 70 өрт тіркелген. Рейд кезінде көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтардың үйлері ерекше назарда болады. Қазіргі таңда облыста шамамен 4 500 өрт датчигі орнатылған, бұл қауіпті жағдайларды ерте анықтауға мүмкіндік береді. Қарағанды қаласының Курьяновка шағын ауданында ТЖД мен жергілікті атқарушы органдар өкілдері үйлерді аралап, тұрғындарға көміртегі тотығы датчиктерін орнатып берді.

Петропавл қаласының Кожевенный зауыты ауданында әкімдік пен ТЖД мамандары еріктілермен бірге өрт қауіпсіздігі жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өрт кезінде қалай әрекет ету керектігі түсіндіріліп, көпбалалы және әлеуметтік осал отбасыларға практикалық көмек көрсетілді: мұржалар тазартылып, көміртегі тотығы датчиктері орнатылды.

Түркістан облысында да ТЖД қызметкерлері тұрғын үйлерге түсіндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Мамандар пеш пен электр жылытқыштарды қауіпсіз пайдалану, өрттің негізгі себептері және төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер туралы айтып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Шымкент қаласында акция аясында ауқымды түсіндіру шаралары ұйымдастырылды: 15 537 жеке үй қамтылып, 1 073 отбасы қайта тексерілді. 100 газ анализаторы орнатылып, 40-тан астам үйдің мұржасы тазартылды. Мектептерде тұрғындармен 154 жиналыс және 49 интерактивті сабақ өтті. Кезекті іс-шара Қайнарбұлақ тұрғын алабында ұйымдастырылып, мұржаларды тұрақты тазалау және пешті дұрыс қолдану туралы тұрғындарға қайта ескертілді. Қосымша газ анализаторлары мен желдету құрылғылары орнатылып, арнайы құралдармен мұржа тазалау жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, тұрмыста жауапкершілік танытуға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларды уақытылы қабылдауға шақырады. Алдын алу жұмыстары жылыту маусымы аяқталғанға дейін жалғасады.

Тегтер: қазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда зейнетақы қысқарады ма? Ресми жауап берілді

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Алматы облысында балалар құқықтарын қорғау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Алматы облысында тауда адасқан төрт жасөспірім жігіт құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Есік қаласында жаппай төбелес: полиция аспанға оқ атты

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

Атыраудағы атышулы іс: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz