Министрдің айтуынша, аталған жол картасында моноқалаларды мемлекеттік қолдау шаралары, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары, индустриялық аймақтар мен даму аумақтарын құру және басқа да мәселелер қамтылады.
«Ауылдар мен моноқалаларды дамыту бойынша көрсетілген ұсыныстар мүдделі мемлекеттік органдарға және өңірлерге қарастыруға жіберілді. Жалпы, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бойынша жасалып жатқан жұмыстар министрліктің тұрақты бақылауында», — деп түйіндеді Әлібек Қуантыров.
Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігі «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын іске асыру жайлы ақпарат таратқан болатын.