Ауыл шаруашылығы министрлігі дабыл қағып жатыр. Бағаны тұрақтандыру үшін ведомство осы өнімнің экспортын шектеуді жоспарлап отыр. Монополияға қарсы қызметкерлер өз кезегінде әлеуметтік маңызы бар өнім бағасын өндірушілердің қолдан жасап отырғанын айтады. Алайда фермерлер керісінше дейді. Әлемдік инфляцияға, жанар-жағармай бағасына, электр энергиясы мен тыңайтқыштар құнының өсуіне байланысты қазір өндіріс оларға екі есе қымбатқа түсетін көрінеді. Сондықтан күріш құны өсіп жатыр. Бірақ нарықта жарма тапшылығы болмайды деп өндірушілер уәде беріп отыр.
«2021-2022 жылғы ескі маусымдағы күріш қоры тамыз айының соңына дейін жетеді. Бірінші қыркүйектен бастап ішкі нарықты, сондай-ақ шетелдік серіктестерді күрішпен толық қамтамасыз ететін жаңа өнім түсімі күтілуде», – дейді күрішті өндірушілер және өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Сағидолла Сыздықов.