Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

2026 жылдан бастап Қазақстанда Конституция күні 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтіледі. Бұл өзгеріс биыл күшіне енген жаңа Конституцияның нормаларына сәйкес жасалды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026
Жаңалықтар, Қоғам, Саясат

Еске салсақ, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ресми түрде күшіне енді. Осыған байланысты елдегі мемлекеттік мерекелер тізіміне де өзгерістер енгізілді.

Жаңа Конституцияның 94-бабының 2-тармағына сәйкес, енді 15 наурыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні болып белгіленді. Осылайша, бұрынғыдай 30 тамыз емес, дәл осы күн мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, қазақстандықтар үшін демалыс күніне айналады.

Ал тамыз айындағы демалыс күндерінің саны биыл да азаймайды. eGov порталында жарияланған мерекелер мен демалыс күндерінің күнтізбесіне сәйкес, 2026 жылдың тамыз айында сенбі және жексенбі күндері жалпы 10 күнге сәйкес келеді.

Осыған байланысты бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар тамыз айында 10 күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 5 күн демалады.

Конституция күнінің күнтізбелік тұрғыдан өзгеруі жаңа Конституцияның күшіне енуімен байланысты жүзеге асқан маңызды құқықтық өзгерістердің бірі саналады. Енді елдің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі жыл сайын 15 наурызда аталып өтеді.

Тегтер: ҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Конституция күні енді 15 наурызда атап өтіледі

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Алматы облысында өткен «Хантәңірі қазынасы» этнофестиваліне 25 мыңға жуық қонақ келді

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
12.07.2026

Шалкөдеде «Хантәңірі қазынасы» халықаралық этнофестивалі басталды

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

Алматы облысында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күреске 5 млрд теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
11.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz