Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану талаптары күшейтілді

Қазақстанда денсаулық сақтау және білім беру мекемелеріндегі тамақтану талаптары жаңартылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2025
Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарындағы тамақтану нормаларын жаңғыртатын жаңа бұйрықты бекітті. Құжатта тамақтану жүйесін ұйымдастыру, оның тәртібі, тағамдардың құрамы және өнім сапасына қойылатын талаптар белгіленген.

Ауруханалардағы тамақтану

Бұйрықта негізгі диеталар қарастырылып, қажет болған жағдайда өзгерістер енгізу мүмкіндігі көрсетілген. Науқастардың тамақтану тәртібін кезекші дәрігер анықтап, бұл ақпарат медициналық құжаттарға тіркеліп, асханаға беріледі.

Ауруханаларда төрт мезгіл тамақтану жүйесі енгізіліп, науқастардың жағдайына қарай алты ретке дейін ұлғайтуға мүмкіндік жасалды. Ас әзірлеу процесі аға аспаз бен диетолог-дәрігердің қатаң бақылауында болады. Гендік модификацияланған өнімдер, механикалық жолмен өндірілген құс еті және құрамында коллаген бар шикізатты қолдануға тыйым салынған. Санитарлық нормалар сақталып, тағам сапасы мен медициналық қызметкерлердің денсаулығы тұрақты тексеріледі.

Білім беру ұйымдарындағы тамақтану

Мектептер мен балабақшалардағы тамақтану стандарттары мәзір түрлерін, тамақтану жүйесін (өздігінен әзірлеу, аутсорсинг немесе кейтеринг) қамтиды. Дегенмен, балабақшаларда кейтеринг қызметіне тыйым салынған.

Екі түрлі мәзір нұсқасы енгізілді: стандартты және таңдау мүмкіндігі бар мультипрофильді жүйе (швед үстелі, ланч-пакеттер). Балалардың мекемеде болу ұзақтығына байланысты тамақтану саны бір реттен алты ретке дейін өзгеруі мүмкін. Диеталардың сақталуы, санитарлық нормалардың орындалуы мен тағам сапасы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады.

Өнімдердің сапасы мен сақтау талаптарына ерекше назар аударылған. Гендік модификацияланған өнімдер, жарамдылық мерзімі өткен, дұрыс таңбаланбаған немесе сақтау шарттары бұзылған тағамдарды қолдануға тыйым салынды. Мәзірдің 75%-ы өсімдік тектес өнімдерден тұруы тиіс, ал тұз бен қант мөлшері шектелген, йодталған тұзды қолдану міндетті. Ет өнімдері ретінде жылқы еті, сиыр еті, терісіз тауық және күркетауық еті рұқсат етілген. Сусындарға қатысты ұсыныстарда газдалмаған су, сүт өнімдері, компот және жеміс шайларын қолдану ұсынылған.

Тегтер: ережемектеп

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 40 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында 44,6 млрд теңгеге 7 агрожоба іске асады

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz