Негізгі жаңалықтар:
Әрбір банк қызметі бойынша өтінішті қарау рәсімі мен мерзімі нақтыланды.
Клиенттермен өзара әрекеттесу тәртібі қайта қаралды.
Мүгедектігі бар азаматтарға және жүріп-тұруы шектеулі топтарға қызмет көрсетудің жаңа ережелері енгізілді. Бұл норма 2026 жылғы 2 шілдеден бастап күшіне енеді.
Жаңа талаптар:
Әр банк өз сайтында несие төлемдерін есептеуге арналған онлайн-калькулятор орналастырады. Ол аннуитеттік, дифференциалдық және банктің ішкі ережелеріне сәйкес өзге де әдістер бойынша есеп жүргізуге мүмкіндік береді.
Қарыз толық өтелген соң, банк үш жұмыс күні ішінде клиентке берешектің жоқтығы туралы анықтаманы тегін беруге міндетті.
Төлемдер мен аударымдарға қатысты тарифтердің өсуі туралы клиенттер кемінде үш ай бұрын хабардар етіледі.
Клиент өтінішін қарау тәртібі:
Өтініштерді қарау мерзімі – 15 жұмыс күніне дейін.
Қосымша тексеру қажет болса, бұл мерзім тағы 15 күнге ұзартылуы мүмкін.
Ұзартылғаны туралы клиент үш күн ішінде хабардар етіледі.
Әлеуметтік осал топтарды қолдау:
Егер қарыз алушы әлеуметтік осал топқа жатса немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шексе, банк үш айға дейін комиссиялар мен қосымша төлемдерді талап етпей, несие шартына өзгеріс енгізуге міндеттеледі. Сондай-ақ, табысы 30%-дан астам азайған немесе атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жағдайда да осындай жеңілдік қарастырылған.
Аталған қаулы 2025 жылғы 3 қарашадан бастап күшіне енеді.





