Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда әскери қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен өседі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда әскери қызметкерлердің ақшалай қамтамасыз етілуі кезең-кезеңімен өседі. Жаңа жүйеге сәйкес офицерлердің жалақысы 23 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 10 пайызға артады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.01.2026
Жаңалықтар

Бұл – әскери қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға бағытталған реформаның екінші кезеңі. Ақпаратқа сәйкес, алғашқы кезең 2025 жылы іске асырылған. Сол кезде офицерлердің жалақысы орта есеппен 20,3 пайызға, ал қатардағы және сержанттық құрамның айлығы 33,9 пайызға өскен.

Сонымен қатар 2025 жылы әскери қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары да кеңейтілді. Атап айтқанда, тұрғын үймен қамту, білім беру мүмкіндіктерін арттыру және әскери қызметкерлердің отбасыларын қолдау бағытында бірқатар өзгеріс енгізілген.

Бұған қоса, бұрын тоқтатылған далалық төлемдер қайта берілді. Енді әскерилерге оқу-жаттығулар мен жорықтарға қатысқан әр күні үшін 1,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақы төленеді.

Билік өкілдерінің мәліметінше, қабылданып жатқан бұл шаралар әскери қызметтің беделін арттыруға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және әскерилердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.

Тегтер: әскери қызмет

Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан бас тарту несімен қауіпті: маман маңызды сұрақтарға жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
27.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
27.08.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
27.08.2026

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz