ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді жоспарлап отыр. Ведомство басшысы бұйрығының тиісті жобасы дайындалып, «Ашық НҚА» порталында орналастырылды.
Атап айтқанда, кәсіби мерекелердің тізбесін мына айтулы күндермен толықтыру көзделеді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлер күні — 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының қызметкерлері күні — 16 сәуір;
- Метрология қызметкерлерінің күні — 20 мамыр;
- Ветеринариялық қызметкер күні — 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні — қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру қызметкерлері күні — 1 қазан;
- Стандарттау қызметкерлерінің күні — 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні — 18 қараша.
Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы ұсыныстарға тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бастама жасады.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Кәсіби мерекелер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 258 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасымен мына сілтеме (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15008211) бойынша танысуға болады.