Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 75 жаңа мамандық пайда болды

Қазақстанда өнеркәсіп пен құрылыс салаларына жетекшілік ететін министрліктің бастамасымен 75 жаңа мамандық бекітілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және құрылыс вице-министрі Иран Шархан мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2025
Жаңалықтар

Оның айтуынша, жаңартылған мамандықтар атласы металлургия, тау-кен өндірісі, машина жасау және құрылыс сияқты негізгі салаларды қамтиды.

«Металлургия мен тау-кен өндірісі саласында – смарт жүйелерді әзірлеуші, роботтандырылған тау техникасының операторы, ал машина жасауда – виртуалды прототиптеуші маманы, құрылыс саласында – Big Data талдаушысы мен «Ақылды үй» жобалаушысы сияқты заманауи мамандықтар пайда болды. Сонымен қатар, бизнес процестерді автоматтандыруға байланысты 40-тан астам мамандық қайта қаралып, жаңартылды», – деді Иран Шархан.

Сондай-ақ биыл машина жасау саласында тағы 8 жаңа мамандықтың енгізілетіні белгілі болды. Олардың қатарында 3D басып шығару және дәнекерлеу инженері, роботтандырылған бояу жүйелерінің операторы сияқты заманауи технологиялармен жұмыс істейтін мамандар бар.

Бұл жаңашылдықтар еңбек нарығындағы сұранысты ескере отырып, өндірістік саланың тиімділігін арттыруға және заманауи технологияларды меңгерген мамандар санын көбейтуге бағытталған.

Тегтер: ҚР Үкіметімамандық

Соңғы жаңалықтар

Көкжайлауда жоғалып кеткен шетелдік студент түнімен іздестірілді

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Жаңа Конституция: Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Қорлан Нұрланқызы
30.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер қылмысының алдын алу шаралары күшейтілді — фоторепортаж

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

Алматы облысында 179-шы «Ауыл құтқарушылары» өртке қарсы бекеті ашылды

Қорлан Нұрланқызы
29.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz