Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылы газға қосылу деңгейі 63%-ға дейін жеткізіледі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте отын-энергетика кешені мен электр энергетикасы саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамаларының жобалары қаралды.

06.02.2023
Жаңалықтар

Энергетика министрі Болат Ақшолақов атап өткендей, отын-энергетика кешенін дамыту шеңберінде тауарлық газ өндіруді (+25,5%) және республиканы газдандыру қарқынын (2029 жылы 63,4%-ға дейін), мұнай-газ-химия өнімін (6,6 есе), көмір өндіруді (+3%) ұлғайту және экономиканың энергия сыйымдылығын (5%-ға дейін) төмендету жөніндегі қадамдар қарастырылған.

Электр энергетикасына қатысты бірқатар қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды енгізу жоспарланып жатыр, бұл қосымша 11,7 ГВт энергия береді, сондай-ақ жаңартылатын көздерден алынатын электр энергиясының өндірудің жалпы көлеміндегі үлесін 12,5%-ға ұлғайтуға, электр желілерінің тозу деңгейін 47%-ға дейін төмендетуге, республиканың бірыңғай энергия жүйесін құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ-химия өнеркәсібінде ірі жобаларды, оның ішінде полиэтилен (жылына 1,250 млн тонна), бутадиен ( 319 мың тонна), полипропилен ( 80 мың тонна) және т.б. шығаратын зауыттарды іске қосу көзделген. Бұл ретте Теңізде, Қашаған және Қарашығанақта өндірістік қуаттарды кеңейту, сондай-ақ жаңа перспективті жобаларды әзірлеу есебінен мұнай өндіру деңгейін арттыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мұнай, газ, мұнай өнімдерінің айналымын есепке алуды, электр энергиясын өндіру мен беруді автоматтандыру, іске қосу үшін техникалық шарттарды электрондық түрде беру, тариф құруды автоматтандыру және т.б. салаларды одан әрі цифрландыру бойынша шаралар жоспарланған.

Тегтер: Әлихан СмайыловгазҚазақстанПремьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Референдум: Алматы облысында дауыс беру учаскесін қалай білуге болады

Қорлан Нұрланқызы
11.03.2026

Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған жұлдыздар матчы өтті

Қорлан Нұрланқызы
10.03.2026

Air Astana БАӘ-де қалған қазақстандықтарды елге жеткізу үшін арнайы рейстер ұйымдастырады

Қорлан Нұрланқызы
09.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz