Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

СІМ Мысырды “қауіпсіз” елдер тізіміне қосты

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдеріне сапар жоспарлап отырған азаматтарға арналған ұсынымдарын жаңартты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026
Әлем, Жаңалықтар, Саясат
Camels in Giza Pyramid Complex, Cairo City, Egypt

Camels in Giza Pyramid Complex, Cairo City, Egypt

Ведомствоның ресми мәліметінше, бұған дейін баруға кеңес берілмеген елдер тізімінен Мысыр Араб Республикасы шығарылды. Мұндай шешім қазіргі жағдайды жан-жақты саралау нәтижесінде қабылданған.

Атап айтқанда, елдегі азаматтық инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі, халықаралық әуежайлардың қалыпты режимде қызмет көрсетуі және негізгі туристік аймақтардағы қауіпсіздік деңгейінің сақталуы ескерілген.

Сонымен қатар, министрлік Таяу Шығыстағы жалпы жағдайдың әлі де күрделі екенін атап өтті. Осыған байланысты өңірдегі бірқатар елдердің әуе кеңістігінің уақытша жабылуына орай, толық тұрақтану кезеңіне дейін келесі мемлекеттерге сапардан бас тарту жөніндегі ұсыным күшінде қалады:

Бахрейн, Израиль, Йемен, Иордания, Ирак, Иран, Қатар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Оман және Сирия.

Сыртқы істер министрлігі аталған елдердің аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына жеке қауіпсіздік шараларын күшейтуді және қауіпті болуы мүмкін аймақтарға бармауды ұсынды.

Сондай-ақ, ведомство жергілікті билік органдарының талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығына назар аударды. Әсіресе зымырандық қауіп туындаған жағдайда дереу паналау орындарына бару қажеттігі ескертілді.

Бұдан бөлек, азаматтарға шұғыл көмек алу үшін Қазақстанның шетелдегі мекемелерімен, туроператорлармен және әуе тасымалдаушыларымен тұрақты байланыста болу ұсынылды.

Тегтер: Әлем жаңалықтарыБасты жаңалықтарСІМ

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында Наурыз туралы даулы видео түсірген блогер ұсталды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қатерлі ісік статистикасы: 2025 жылы 13 886 адам қайтыс болды

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Camels in Giza Pyramid Complex, Cairo City, Egypt

СІМ Мысырды “қауіпсіз” елдер тізіміне қосты

Қорлан Нұрланқызы
28.03.2026

Қазақстанда жүздеген ауылды су басу қаупі бар – ТЖМ

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

Алматы облысында колонияға 10 телефон жеткізу әрекеті тоқтатылды

Қорлан Нұрланқызы
27.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz