Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан шекарасындағы электронды кезек Өзбекстан мен Түркіменстан шекарасында енгізіледі

Ақпан айының соңына дейін Қазақстан бойынша тағы төрт өткізу бекетіне электронды кезек енгізілмек. Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

16.02.2023
Жаңалықтар

Электронды кезек жүйесін «CarGoRuqsat» онлайн броньдау сервисін «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ мамандары жасап шығарған.

Төрт өткізу бекетінің екеуі Қытаймен шекаралас Абай облысының «Бақты» және Шығыс Қазақстанның «Майқапшағай» кеден бекетінде орналасқан. «Бақты» бекетіндегі «CarGoRuqsat» сервисі 15 ақпаннан бастап, ал «Майқапшағай» бекетінде 20 ақпаннан бастап іске қосылады. Бұған дейін Қазақстан — Қытай шекарасындағы «Достық», «Нұр-Жолы» өткізу бекеттерінде электронды бекет енгізілген. Ал қалған екі бекет еліміздің оңтүстік-батысында орналасқан. «Темір-Баба» бекетінде 22 ақпанда, ал «Тәжен» бекетінде 27 ақпанда енгізіледі. Екі өткізу бекеті де Маңғыстауда орналасқан. Біріншісі Түркіменстанмен, ал екіншісі Өзбекстанмен шекарада.

Бүгінде кезекті броньдау бойынша шамамен 84 мың операция жасалып, 7,5 мың пайдаланушы тіркелген.

Жасап шығарушылардың айтуынша, сервис ұдайы жетілдіріліп, жақсартылып келеді. Жуық арада ол «Face ID», яғни адамның келбетін сканерлеумен толықтырылады. Ал шетелдік азаматтар үшін тұлғаны банк картасы арқылы растау қызметі іске қосылады.

«Бізде шетелдік тасымалдаушылар бойынша басқа базалармен интеграция жасалмаған. Тиісінше, айла-шарғы жасау деректері орын алған. Мәселен, бірнеше шетелдік компаниялардың өкілдері мемлекеттік нөмірлерді өзгерту, «сызықша» қойып, «бос орын» қалдыру секілді бір нөмерді түрлендіру арқылы кезек алған. Сөйтіп өз клиенттерінің көлігін жылжытып отырған», — дейді ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ бас маманы Азамат Курманов.

Сервис іске қосылған екі ай ішінде «Достық» бекеті арқылы шекарадан 1759 көлік құралы өткен, оның ішінде 1108-і немесе 63 пайызы осы пайдаланушылардың көліктері.

«Пайдаланушы келісімшартын бұзғаны үшін бұл пайдаланушылардың аккаунтты бұғатталған. Егер броньда көрсетілген нөмірлі фуралар шекараға келсе, олар өте алады, бірақ аталған пайдаланушы кезекті өзгерту немесе қандай да бір броньды жылжыту құқығынан айырылады. Пайдаланушы келісімшартын бұзу дерегі бойынша материалдар құқыққорғау органдарына беріледі. Жасалған пайдаланушы келісімшарттарына сай бұл келісімшартты бұзған пайдаланушылар аккаунтарын бұғаттан шығару 90 күнтізбелік күн өткеннен кейін немесе оған дейін — Соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады», — дейді ҚР ҚМ «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ бас маманы Азамат Курманов.

Еске салсақ, 2022 жылғы 23 қарашадан бастап Қазақстан — Қытай шекарасының бірнеше бекетінде «CarGoRuqsat» электронды кезек сервисі іске қосылған. Сервисті мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен, ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ жасап шығарған. «CarGoRuqsat» электронды сервисті енгізу бастамасы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі. Сервис Qoldau.kz цифрлық платформасында іске қосылған және пайдаланушылар үшін тегін.

«CarGoRuqsat» электронды кезек сервисінің міндеті тасымалдаушыларға алдын ала кезек алу мүмкіндігін ұсыну және бұл кезекті жария ету. Біріншіден, бұл жүк көліктерінің шекарадан өту процесін жеңілдетті. Бұл броньдау кезеңінде-ақ тасымалдаушылардың форматтық-логикалық бақылаудан өтуі есебінен жүзеге асырылады. Жүйе өтініш берушінің салықтар бойынша, ақылы жолдардан жүргені бойынша қарыздардың бар-жоғына, тартқыш пен тіркеменің тіркеуден өткенін және т.б. тексереді, Сервистің екінші міндеті – шекарадағы кезекке қатысты заңсыз қитұрқы әрекеттердің орны алу қауіптерін барынша азайтады.

Тегтер: Қазақстаншекара

Соңғы жаңалықтар

Марат Сұлтанғазиев Қытайда оқып жатқан студенттермен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Іле Алатауында «Бұтақты» визит-орталығы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Өтеген батыр ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда пилотсыз көліктер іске қосылады: дронмен жеткізу де енгізіледі

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

Қазақстанда 1-сыныпқа құжат тапсыру мерзімі өзгертілді

Қорлан Нұрланқызы
31.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz