Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Қытай көліктерін құрастыруды бастайды

Жақында Қазақстан кейбір қытай брендінің көліктерін құрастыруды бастайды. Зауыттың өндірістік қуаты 90 мың дананы құрайды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
06.05.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: Waldo Swiegers

Фото: Waldo Swiegers

Министрдің айтуынша, Қазақстан автокөлік құрастырудың күрделі деңгейіне өтіп келеді. Автокөлік өндірушілерінің алдына шағын торапты құрастыру (CKD) үлесін 2027 жылға қарай жалпы өндірістің 50% — на дейін ұлғайту бойынша міндеттемелер қойылды.

Биылдың өзінде бұл көрсеткіш 20%-ға, 2025 жылы 30%-ға, ал 2026 жылы 40%-ға жетуі керек.

Қанат Шарлапаевтің мәліметінше, елде қытай автомобильдерін шығаратын мультибрендтік зауыт салу жобасы іске қосылды. Зауыттың өндірістік қуаты 90 мың бірлікті құрайды, жобаның құны — 182 миллиард теңге.

2027 жылға қарай шағын торапты құрастыру әдісімен 200 мыңға жуық автомобиль шығаруды жоспарлап отыр.

«СарыарқаАвтоПром» ЖШС шығаратын автомобильдер желісі биылғы жылы қытайлық Jetour маркасымен толықтырылады. Сондай-ақ, билік чехиялық Skoda компаниясымен келіссөздер жүргізуде.

Сонымен қатар, Astana Motors компаниялар тобы 2025 жылға дейін іске қосуды жоспарлап отырған өндірістік желіні ұйымдастыру үшін Changan, Chery, Haval сияқты танымал қытайлық брендтерді тартты, – деп атап өтті Шарлапаев.

Фото: timeslive.co.za
Тегтер: Astana Motors компаниясыChanganCheryHavalJetourБасты жаңалықтарҚытай көліктеріСарыарқаАвтоПром" ЖШС

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымы ашылды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алатауда жолаушыларға арналған аэротакси сынақтан өтеді

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Атырауда төрт адамның өліміне қатысты резонансты іс бойынша сот басталды

Қорлан Нұрланқызы
18.05.2026

Алматы облысында табиғатты бүлдірген жасөспірімдер жауапкершілікке тартылды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

Алматы облысында шенді полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz