«Шынымды айтсам, мен әскери ғылыммен айналысатындардың барлығын біріктіргім келеді. Құзыреттілік орталығы құрылды. Мысалы, ғалымдарымыз бен конструкторларымыз «Шағала» ұшқышсыз ұшу аппаратын жасап шығарса, қазір оны жаңартып, «Шағала-М» сериялы өндірісін жолға қойып жатырмыз. Ол көп функциялы барлау ұшқышсыз ұшу аппараты болады. Жақында біз өз мамандарымыздың әзірлемесін Сербиядан келген серіктестерге саттық. Бұл жаңа өнімдердің алғашқы экспорттық мәмілесі», — дейді компания басшысы.
Ұлттық компания базасында қорғаныс саласына қажетті ондаған жоба пысықтаудан өтіп жатқан көрінеді.
«Қазіргі таңда біз бір мезгілде 70-тен астам әскери және азаматтық жобаны әзірлеп жатырмыз. Алдағы 5 жылдың ішінде нарыққа жаңа өнімдер шығаратынымызға сенімдімін. Жаңа даму тұжырымдамасы аясында өндіріс пен экспортты әртараптандыру жоспарлануда», — дейді Теміржан Әбдірахманов.





