Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026
Жаңалықтар
Screenshot

Screenshot

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамыту, озық технологиялар трансфертін жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешендегі әріптестікті нығайту жөніндегі келісім—шарттарын іске асыру аясында Алматы қаласында Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты (IPP CAAS) делегациясының Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен ресми кездесуі өтті.

Қытай делегациясының құрамын Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институтының (IPP CAAS), Қытай ауыл шаруашылығы университетінің (CAU), сондай-ақ Zhongbao компаниясының өкілдері құрады.

Іс-шараға онлайн форматта «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Максим Юрьевич Сутулақұттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, технологиялық тәуелсіздікті нығайтудың және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (ҚР АШМ АӨК МИК) төрағасының орынбасары Саят Сарқытбайұлы Сақмолдинқұттықтау сөз сөйлеп, өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың, заманауи экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізудің және саланың ғылыми-өндірістік әлеуетін дамытудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ҚР АШМ АӨК МИК бірлескен ғылыми-практикалық бастамаларды қолдайтынын және олардың еліміздің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Screenshot

Іс-шараға сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің және Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының өкілдері қатысып, бірлескен бастамаларды іске асыруға, ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және өсімдіктерді қорғау саласына заманауи технологияларды енгізуге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан тарапынан кездесуге Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасы Бахытжан Әлішерұлы Дүйсембеков, ал Қытай делегациясын Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты Бас директорының міндетін атқарушы Чэнь Чан мырза бастап келді.

Кездесудің басты мәселесі «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты және Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты (IPP CAAS) арасында биопестицидтік өнімдерді әзірлеу, өндіру және енгізу саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үшжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою болды.

 Меморандум инновациялық биологиялық өсімдіктерді қорғау құралдарын әзірлеуді, белсенді заттарды алу технологияларының трансфертін, зертханалық үлгілер мен биопестицидтерге басымдық бере отырып, пестицидтердің препаративтік түрлерін дайындауды, оларды әртүрлі бүріккіштер мен мамандандырылған техниканы пайдалану арқылы қолдану технологияларын әзірлеуді, ауыл шаруашылығы дақылдарында қолдану регламенттерін әзірлеуді, препаративтік түрлердің сапасын бақылау әдістерін жетілдіруді, олардың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін зерттеуді, биопрепараттар өндірісін жергіліктендіруді, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды және жоғары білікті мамандар даярлауды көздейді.

Салтанатты рәсім барысында сөз сөйлеген Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрағасыБахытжан Әлішерұлы Дүйсембеков:

«Бүгін біз Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғылыми ұйымдары арасындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестіктің негізін қалаймыз. Қол қойылған меморандум бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, озық технологияларды енгізуге және екі елдің ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына жауап беретін заманауи биологиялық өсімдіктерді қорғау құралдарын жасауға жаңа мүмкіндіктер ашады»,– деп атап өтті.

Screenshot

Өз кезегінде Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдіктерді қорғау институты Бас директорының міндетін атқарушы Чэнь Чан мырза:

«Біздің институттардың ғылыми әлеуеті бірін-бірі толықтырады. Біз жаңа технологиялар мен биологиялық препараттарды бірлесіп әзірлеуге, академиялық алмасуды дамытуға, ортақ ғылыми зерттеулер жүргізуге және Қазақстан мен Қытай ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық шешімдерді енгізуге дайынбыз», – деді.

Күннің екінші жартысында Қазақстан мен Қытайдың жетекші ғалымдарының қатысуымен «Зиянды организмдерді басқару жүйесі» атты халықаралық семинар-кеңес өтті. Семинар барысында биопестицидтерді әзірлеу саласындағы Қазақстан–Қытай стратегиялық жол картасы, ғылым мен бизнестің өзара байланыс перспективалары, зиянкес жәндіктердің инсектицидтерге төзімділігі жөніндегі заманауи зерттеулер, өсімдіктерді биологиялық қорғау әдістерін дамыту, сондай-ақ үйірлі шегірткелерді мониторингтеу мен бақылаудың инновациялық тәсілдері бойынша баяндамалар ұсынылды.

Қатысушылар бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруды, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді, заманауи ғылыми-өндірістік инфрақұрылымды қалыптастыруды, кадрлық әлеуетті дамытуды, мамандар алмасуды, инновациялық технологияларды енгізуді және өсімдіктерді биологиялық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді көздейтін Стратегиялық ынтымақтастық жол картасын талқылауға ерекше назар аударды.

Ресми сапар аясында Қытай делегациясы Алматы облысындағы фитосанитариялық ахуалға бірлескен далалық зерттеулерге қатысып, аса қауіпті зиянды организмдерді мониторингтеудің заманауи технологияларымен және агроөнеркәсіптік кешеннің бірқатар бейінді кәсіпорындарымен танысу жоспарланған.

 

Screenshot

Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, биологиялық қауіпсіздікті нығайтуға, өсімдіктерді қорғаудың экологиялық қауіпсіз технологияларын енгізуге және екі мемлекеттің аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға маңызды үлес қосары сөзсіз.

Соңғы жаңалықтар

Screenshot

Қазақстан мен Қытай өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдары саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруде

Мөлдір Иманмади
16.07.2026

Алматы облысының диқандары егін орағына кірісті

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы – Қаскелең тасжолы сегіз жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Алматы облысы Қазақстандағы ең танымал туристік бағытқа айналды

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

Қонаевтағы су мәселесі шешіледі: қалада жаңа сүзгі станциясы мен ұңғымалар салынады

Қорлан Нұрланқызы
15.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz