Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан мен Қытай депутаттары жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқылады

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат Қытайға ресми сапармен барды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Бейжіңде депутаттар Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің Төрағасы Чжао Лэцзимен, Қытай Халық Республикасының Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Қытай Халық Республикасы Төрағасының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті.

Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесуде тараптар парламентаралық диалогтан бастап екі ел арасындағы экономикалық және мәдени ынтымақтастыққа дейінгі көптеген мәселені талқылады.

«Кейінгі екі жыл Қазақстан мен Қытай тарихындағы маңызды кезең болды. Мемлекет басшыларымыздың күш-жігерінің арқасында ол жаңа деңгейге көтерілді. Біздің парламенттер арасындағы өзара іс-әрекет көшбасшыларымыздың қол жеткізген уағдаластықтарын іске асыруға бағытталуға тиіс. Біздің өткен жылы жоспарланған осы ресми сапарымыз парламентаралық байланыстарды жан-жақты нығайтуға жақсы мүмкіндік береді. Өткен жылы жоспарланған осы ресми сапар Парламентаралық байланысымызды одан әрі арттыруға септігін тигізеді», — деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  бастамасымен жүргізіліп жатқан жүйелі өзгерістер туралы, сондай-ақ Мәжілістің қазіргі қызметі жайлы айтып берді.

Қазақстан депутаттары қытайлық әріптестерінің тәжірибесіне, соның ішінде, жасанды интеллект пен төтенше жағдайларға қарсы күрес саласындағы тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне назар аударды.

«Елдеріміздің үкіметтері арасында трансшекаралық өзендердің суын бөлу туралы екіжақты келісім әзірленуде. Біз осы маңызды келісімге тезірек қол қоямыз деп үміттенеміз», — деді Мәжіліс төрағасы.

Өз кезегінде Чжао Лэцзи  парламентаралық ынтымақтастық Қытай мен Қазақстан арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің маңызды бөлігі екенін айтты. Сондай-ақ ол Мәжіліс төрағасының бұл сапары екіжақты ынтымақтастыққа тың серпін беретініне сенім білдірді.

«Кейінгі жылдары Төраға Си Цзиньпин мен Президент Тоқаевтың стратегиялық басшылығының арқасында екіжақты қарым-қатынасымыз қарқынды дамып келеді. Қытай алдағы уақытта да Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдай береді. Қытай әрқашан Қазақстанның өз даму жолын, оның өркендеу мен тұрақтылыққа бағытталған сыртқы және ішкі саясатын қолдайды»,  – деді Чжао Лэцзи.

Тараптар өткен жылдың қараша айында визасыз режим енгізілген сәттен бастап және Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы өткізілуіне байланысты екі ел азаматтарының өзара сапарларының  айтарлықтай артқанын атап өтті. Олар мұны үлкен дипломатиялық жетістік деп атады.

Тегтер: үкімет

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz