Ұлттық Банктің деректері бойынша, 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанның берешегі $160,8 млрд-тан астам болды. Бұл 2017 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда $4,7 миллиард немесе 2,8% аз.
Қарыздың ең көп көлемі бұрынғыша Нидерландыға тиесілі – $ 41,6 млрд. Бес жылда ол 14,4%-ға қысқарды. Одан кейін Ұлыбритания тұр, алдындағы берешек $18,5 млрд (-18,1%), ал Ресейге қарыз көлемі – $14,1 млрд құрайды. Көрші елге берешек 2017 жылдан бері 46,8%-ға өскен.
Сонымен қатар Гонконг алдындағы сыртқы қарыз 28,3%-ға, Қытайға берешек 19,8%-ға, Жапонияға қарыз 13,5%-ға, АҚШ алдындағы берешек 6%-ға қысқарды.