Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қатарда футболдан әлем чемпионаты ашық деп жарияланды

Қатар елінде футболдан әлем чемпионаты ресми түрде ашық деп жарияланды.

20.11.2022
Жаңалықтар

Салтанатты шара аталған мемлекеттің тарихы мен мәдениетін бейнелейтін театрландырылған көрініспен басталды әрі жарты сағаттан астам уақытқа созылды.

Биылғы доп додасының ерекшелігі — алғаш рет қыс мезгілінде өтуі.

Сондай-ақ, биылғы әлем чемпионатында соңғы мәрте 32 құрама сынға түседі. Содан кейін доп додасында ол 48 құрамаға ұлғаймақ.

Биыл 22-мәрте өткізілетін доп додасы жөнінде шешім 2010 жылы Швейцарияның Цюрих қаласында қабылданды. Соңғы турда Қатар – 14, АҚШ 8 дауыс алып, осылайша шағын мемлекет 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу құқығын иеленді.

Сәлден кейін әлем чемпионатындағы алғашқы кездесуде Қатар мен Эквадор құрамалары жасыл алаңға шығады. Ойын елорда уақытымен 21.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Кездесу барысында итальяндық Даниэле Орсато бас төреші қызметін атқарады.

Ойындар 5 қалада орналасқан 8 стадионда болады. Қатар дүбірлі доданы ұйымдастыруға өтініш берген уақытта елде небәрі бір стадион бар болатын. Қазірге дейін жаңадан 7 стадион бой көтерді. Оған қоса 100-ден аса қонақүй мен қаншама шақырым жол салынды.

Бірқатар ақпарат көздерінде жарысты ұйымдастыруға 200 млрд доллар жұмсағаны айтылып жатыр. FIFA мәліметінше, Әлем кубогінің жүлде қоры — 440 млн доллар. Жеңімпаз тұғырына көтерілген құрама — 42, күміс жүлдегер — 30, 3-орын иегері 27 млн долларға қол жеткізеді. Ал 4-орын иегері — 25, 5-8 орын алғандардың әрқайсысы — 17, 9-16 орын аралығында болғаны — 13, 17-32 орындағылар 9 млн доллардан алады.

Тегтер: Қатарфутбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz