Рухани астанада өткен жүздесуде 300-ден астам адам жиналған. Жиында кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе ауылдың әлеуетін арттыруға арналған бөлігі ерекше талқыланды.
Бұдан кейін республикалық штаб мүшлері жергілікті жылыжайда болды. Әрмен қарай жаңадан салынып жатқан Мұз сарайының құрылысын бақылап, жұмысшылармен тілдесті.
Ал Шымкенте ақсақалдармен және зиялы қауым өкілдерімен кездесуде кандидат Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы талқыланды.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада президент сайлауы өтеді.