Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин бірлескен мәлімдеме қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
28.11.2024
Жаңалықтар, Саясат

Тоқаев пен Владимир Путин Жаңа жаһандық тәртіп жағдайында стратегиялық әріптестікті тереңдету туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасы; 
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы 2024-2028 жылдарға арналған өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары;
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы теміржол көлігін және инфрақұрылымын, автомобиль жолдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекара арқылы автомобиль және теміржол өткізу пункттерін дамыту саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру туралы келісім; 
  4. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы арқылы «Сырым» (Қазақстан Республикасы) және «Маштаково» (Ресей Федерациясы) өткізу пункттері арасындағы Таловая өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін және оған кірер жолдарды реконструкциялау, күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау тәртібі туралы келісім;
  5. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Ресей Федерациясының Көлік министрлігі арасындағы теңіз кемелері экипажы мүшелерінің дипломдарын өзара тану туралы келісім;
  6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-аймағын нөмірлеуді пайдалану туралы келісім;
  8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  9. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Челябинск мемлекеттік университеті» федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесінің Қостанай филиалының қызметі туралы келісім;

    Сонымен қатар президенттердің қатысуымен екі ел делегацияларының мүшелері төмендегідей құжаттармен алмасты:
  10. 2010 жылдың 9 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің қолданысын ұзарту және оған өзгеріс енгізу туралы хаттама;
  11. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы коммерциялық емес ұйымдардың қызметін құқықтық реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;
  14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Ресей Федерациясының Әділет министрлігі арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы;
  15. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Ресей Федерациясының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық министрлігі арасындағы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 
  16. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «Российские железные дороги» ААҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;
  17. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, Xi’an Free Trade Port Construction and Operation Co. Ltd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасындағы жобаны іске асыру туралы келісім;
  18. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен «ФинИнвест» ЖШҚ арасындағы ниеттестік туралы меморандум; 
  19. «Самұрық-Энерго» АҚ мен «Фирма ОРГРЭС» ААҚ арасындағы екінші Екібастұз ГРЭС-нің №3 және №4 энергия блоктарында тиімді технологияларды пайдалана отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын азайту мәселесі бойынша ынтымақтастық туралы келісім.
Тегтер: Қазақстанмемлекет басшысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz