Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қаржы пирамидаларының жарнамасы үшін қылмыстық жаза қолданылады

Сенат қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпараттық порталы.

28.06.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Президентке жолданған құжатта қаржы пирамидаларын құрып, оларға басшылық еткендерге жазаны қатайту, сондай-ақ оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы жазылған.

Ең ауыр жаза – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қаржы пирамидасының жарнамасы үшін – 2000 АЕК (6,1 млн теңге) дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Лидің пайымдауынша, заңдағы өзгерістер белгілі қоғам өкілдерінің жауапкершілігін арттыруы тиіс.

«Мен осы заңға енгізілген жаңалықтар атақты адамдар, блогерлер, вайнерлер және басқа да қоғам көшбасшылары қаржы пирамидаларына қатысты жарнама жасайтын кезде әлдеқайда сақ және жауапты болатынына сенімдімін. Өйткені, енді мұндай әрекет жасағандар қылмыстық жазаға тартылады», — деді Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Ли.

Соңғы жаңалықтар

Президент БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
25.06.2026

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ

Диана Ахметова
25.06.2026

ИНТЕРНЕТТЕГІ ҚАУІПСІЗДІК – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ – ӨМІРДІ САҚТАУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

Диана Ахметова
25.06.2026

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Диана Ахметова
25.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz