Президентке жолданған құжатта қаржы пирамидаларын құрып, оларға басшылық еткендерге жазаны қатайту, сондай-ақ оларды жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік туралы жазылған.
Ең ауыр жаза – 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру, қаржы пирамидасының жарнамасы үшін – 2000 АЕК (6,1 млн теңге) дейін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Лидің пайымдауынша, заңдағы өзгерістер белгілі қоғам өкілдерінің жауапкершілігін арттыруы тиіс.
«Мен осы заңға енгізілген жаңалықтар атақты адамдар, блогерлер, вайнерлер және басқа да қоғам көшбасшылары қаржы пирамидаларына қатысты жарнама жасайтын кезде әлдеқайда сақ және жауапты болатынына сенімдімін. Өйткені, енді мұндай әрекет жасағандар қылмыстық жазаға тартылады», — деді Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Ли.