Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарақат Әбден Түркістан облысының сайлаушыларымен кездесті

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден Түркістан қаласының жұртшылығымен жүздесіп, өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды

17.11.2022
Жаңалықтар

Кездесу барысында қоғамдағы өзекті сұрақтар мен туризм саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қарақат Әбден атап өткендей, тарихи-мәдени ескерткіштер мен мәдени мұра нысандары көп шоғырланған Түркістан шаһарының туризмді дамытуда әлеуеті зор.

Түркістан – барша түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті жер. Ежелден-ақ «екінші Мекке» атанып кеткен қазақтың рухани астанасы көптеген саяхаттаушылардың қызығушылығына ие болып отыр. Түркістанның тарихи маңызын және осы өңірде шоғырланған киелі жерлердің көп екендігін ескере келе, алкогольді ішімдіктерді сатудан бас тартқан алғашқы қалалардың бірі атануына барлық мүмкіндіктер бар, — деді Қ.Әбден.

Кездесуге сондай-ақ өңірлік туризм саласының өкілдері қатысып, бұл бағыттың өзекті мәселелерін ортаға салды.

Бізге шетелден көп туристер келеді, бірақ ішкі туризм нарығын да дамыту керек. Бұл бағытты біз тарихи және ұлттық құндылықтарға көп көңіл бөліп жүрген кандидатқа ұсыныстарымызды жеткіздік. Бұдан бөлек, аймақтың инфрақұрылымын да назардан тыс қалдырмаған жөн, — деп бөлісті туристік компанияның өкілі Мөлдір Мәлібекова.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 9 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Жамбыл облысы сайлаушыларымен жүздеседі.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz