Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қарақат Әбден: патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылдануы керек

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапары жалғасуда. Бүгін ол Тараз қаласының тұрғындарымен кездесті

18.11.2022
Жаңалықтар

Үйде патронаждық қызмет көрсетудің әмбебап жетілдірілген моделі аясында кандидат патронаждық медбикелермен бірге жүкті әйелдердің отбасыларына барды. «Жанұя» емханасының бас медбикесі Сәуле Калетаева атап өткендей, патронаждық қызметтің бұл моделі ана мен бала денсаулығын бақылауға алып, зиянды факторлардың алдын алуды көздейді. Жүкті және босанған әйелдердің үйлерін аралап, әлеуметтік қызмет көрсету – өзінің нәтижелілігін дәлелдеген маңызды бағыт. Сондай-ақ кездесу барысында патронаждық қызметкерлер бұл салада кәсіби мамандардың жетіспеушілігі жайлы сөз қозғады.

Қарақат Әбденнің пікірінше, әлеуметтік маңызы зор патронаждық қызметке қолдау көрсету қажет.

«Ана мен бала денсаулығы – ұлт байлығы. Жүкті әйелдердің денсаулығына зиян келтіретін жағымсыз факторларды болдырмау керек. Статистикаға сүйенсек, жағдайдың қиын екендігін аңғаруға болады. Қазіргі кезде аутизммен ауыратын балалардың саны 20 есе өскен, орфанды және ауыр науқасқа шалдыққан балалар көп. Сондықтан бастапқы кезеңдерден бастап профилактикалық жұмыс жүргізіп, күрделі мәселелердің алдын алу қажет. Осы орайда патронаждық қызметтің маңызы зор, патронаждық қызметкерлердің еңбегі сұранысқа ие. Алайда біздің қоғам патронаждық медбикелерді күтуші немесе қараушы ретінде қабылдайды. Шын мәнінде, патронаждық медбике – жоғары білікті маман және қоғам мен мемлекеттің оларға деген көзқарасы да басқаша болғаны абзал. Патронаждық қызметті қолдау үшін нақты шаралар қабылданып, оның мәртебесін арттыру мақсатында халық арасында ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргізу керек», — дейді кандидат.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қарақат Әбден ел аймақтарын аралап, 10 облыста 40-тан астам кездесу өткізді.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz