«Жыл басынан бері прокурорлар қаңтар оқиғасының себептерін, террорлық шабуылдар мен жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары және белсенді қатысушыларын анықтауға жұмылдырылды. Бүгінгі күні осы оқиғаларды тергеу нәтижелері бойынша сотқа 474 қылмыстық іс жолданды, 717 адам сотталды», – деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
Бұдан бөлек, құзырлы орган сотқа дейінгі тергеу барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу фактілері азайғанын мәлім етті.
«1077 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалау тоқтатылды. Қызметтік үй-жайлардан және уақытша ұстау изоляторларынан 512 адам босатылды. 634 адамға қатысты сот үкімдері заңға сәйкестендірілді, 130 сотталушының жағдайы жақсарды, 15-і ақталды», – делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ бюджетке 15 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды. Әр түрлі жауапкершілікке 14,5 мың адам тартылған.