Бірінші таймда ойын толықтай алаң иелерінің бақылауында өтті.
9-шы минутта небәрі 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев пенальтиден есеп ашты.
20-шы минутта португалиялық легионер Жоржиньо есепті 2:0 етті.
35-ші минутта сол Жоржиньо дубль жасап, команданың басымдығын арттырды.
Ал 43-ші минутта бразилиялық Эдмилсон Сантос төртінші голды соғып, алғашқы таймның нүктесін қойды.
Ойынның соңғы минутында, 90-шы минутта, Азамат Тұяқбаев қарсылас қақпасына бесінші голды соғып, кездесу қорытынды есебін 5:0-ге жеткізді.
Бұл жеңіс «Қайратқа» маңызды үш ұпай сыйлап, команда 55 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастады. Осылайша алматылықтар басты бәсекелесі «Астананы» (53 ұпай) артта қалдырды.
Ал Самат Смақов жаттықтыратын «Жетісу» 21 ұпаймен 11-орынға түсіп қалды.





