Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының туысына іздеу жарияланды

Мемлекетке 320 млн теңгеден астам сомаға залал келтірген Қайрат Сатыбалдыұлының туысы Бахтияр Байсейітовке іздеу жарияланды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.

19.11.2022
Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ еншілес ұйымы) және «Iri building» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты 2019-2021 жылдар кезеңінде Қаратау кенішінде (Түркістан облысының Созақ ауданы) қызмет көрсету кезінде ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Тергеу барысында Бахтияр Байсейітов Қайрат Сатыбалдыұлымен туыстық байланыста болуын қолдана отырып бақылауындағы компания «Iri building» ЖШС мүддесін лоббилендіріп келгені анықталды. Аталған кәсіпорын мен квазимемлекеттік сектор субъектісі «Қаратау» ЖШС арасында 2019 жылы «Қаратау» кеніші бойынша 6,2 млрд теңге сомасына құрылыс жұмыстарына шарт жасалған.

Бахтияр Байсейітов «Iri building» ЖШС қызметін тікелей басқарған және объекті құрылысынан түсіп келген ақшалай қаражатты бөліп отырған. Бұл ретте жабдықтың бір бөлігі жеткізілмеген, ал оған арналған қаражат заңсыз шығарылып, ұрланған.

Мемлекетке келтірілген залал 320 млн теңгеден асты», — делінген баспасөз хабарламасында.

Мәлім етілгендей, қазіргі уақытта Бахтияр Байсейітов Қазақстаннан тыс жерде.

«Оның заңсыз әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сараланып отыр, оған іздеу жарияланды. Аталған тұлғаның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Оның ықтимал орналасқан жері туралы ақпараты бар азаматтардан агенттіктің көрсетілген телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз: Call-орталық 1424, +7 (7172) 909 260. Ақпарат бергені үшін сыйақы қарастырылған. Құпиялылыққа кепілдік беріледі!», — деді агенттіктен.

Еске салайық, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тегтер: жемқорлықҚайрат Сатыбалды

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz