Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Қайрат» пен «Олимпиакос» матчына арнайы автобустар қатынайтын болды

Астана әкімдігі «Қайрат» – «Олимпиакос» матчына арналған арнайы автобус бағыттарын ұйымдастырды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.12.2025
Жаңалықтар

9 желтоқсан күні «Астана Арена» стадионында Чемпиондар лигасы аясында өтетін «Қайрат» – «Олимпиакос» футбoл матчына көрермендердің қауіпсіз әрі ыңғайлы жетуін қамтамасыз ету үшін қала әкімдігі қосымша қоғамдық көлік іске қосатынын мәлімдеді.

Әкімдіктің дерегінше, матч күні стадион бағытына 25-ке жуық арнайы автобус қатынайды. Олар мына тұрақтардан жолға шығады:

  • «Қалалық цирк» автотұрағы

  • «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы

  • «Қазақстан» спорт кешенінің автотұрағы

  • Орталық парк автотұрағы

  • «Бас мешіт» автотұрағы

Автобустар 18:00-де жүруді бастайды және стадионға дейін әрі кері бағытта қызмет көрсетеді. Көрермендерге шығу алаңдарына 17:30-ға дейін келу ұсынылады.

Матч күні қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

Астана қаласы Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2800-ден астам полиция қызметкерін жұмылдырады. Олардың қатарында патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет мамандары бар.

Сонымен қатар, Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілмейтіні хабарланды.

Полиция тұрғындар мен қонақтарға тәртіп сақтау, құқық қорғау қызметкерлерінің нұсқауларын орындау және стадионға қауіпсіз әрі қолайлы жету үшін ұйымдастырылған арнайы автобустарды пайдалануды ұсынады.

Тегтер: жаңалықфутбол

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz