Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу 27 қарашада Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.
Елордада Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров келіссөздер жүргізіп жатыр. Кездесу барысында халықаралық өзекті мәселелер, сондай-ақ ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД, және ШЫҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелері талқылануда.
Сонымен қатар, Қазақстанның БРИКС-ке серіктес ел ретінде қосылуы туралы Ресей СІМ басшысы мәлім етті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин 27 қарашада Уфа қаласында өтетін Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн форматта қатысады.