Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Путин мен Ким Чен Ын кездесті

Ресей президенті Владимир Путин мен Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын Амур облысындағы «Восточный» ғарыш айлағында кездесті.

13.09.2023
Жаңалықтар

КХДР басшысы Ресейге кеше брондалған пойызбен барған болатын. Онда Ким Чен Ынді қызыл кілемде Ресей жағынан РФ мен КХДР-дың үкіметаралық комиссиясының төрағасы, табиғи ресурстар және экология министрі Александр Козлов пен СІМ-нің мемлекеттік хаттама департаментінің директоры Игорь Богдашев қарсы алды. Осыдан кейін Солтүстік Корея басшысы бастаған делегация құрмет қарауылына ізет етіп,  лимузин көлігіне отырып, Ресей президентімен кездесуге жолға шықты.

Ресей президенті кездесуге Владивосток қаласынан келді. Бұл жерде ол Шығыс экономикалық форумына қатысты.

«Бізге уақытыңызды бөліп, арнайы шақырғаныңызға, жылы қарсы алғаныңызға рахмет!» – деді Ким Чен Ын Путинге.

Әзірше мемлекет басшыларының кездесуде қандай мәселені талқыланғаны туралы атап айтарлықтай ақпарат жоқ. Бейресми расталмаған мәліметке қарағанда, РФ президенті КХДР басшысынан Украинадағы соғысқа қару-жарақ сұрағысы келеді. Ал Ким Чен Ын Ресейден ядролық сүңгуір қайықты жетілдіретін технология алғысы келеді деген дерек бар.

Тегтер: Ким Чен ЫнПутин

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz