Ол үшін мамандандырылған техниканың (оның ішінде құрылыс техникасының) бірыңғай базасын құру жоспарлануда. Бұл олардың бар-жоғын автоматты түрде тексеруге мүмкіндік береді.
«Қолайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде оқушы орындарының тапшылығын шешу үшін 2023-2025 жылдар аралығында 588 толық жинақты мектеп салу жоспарланып отыр.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға алдын ала қажеттілік 215 млрд теңгеге жуық соманы құрайды.
«Аталған іс-шараларды жүзеге асыруға арналған шығындар көлемі жалпы сипаттағы трансферттерді және 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде қосымша пысықталады», — деп қорытындылады Ерұлан Жамаубаев.