Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент сайлауында бюллетенге кандидаттардың аты әліпби ретімен жазылады

Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өтетін президент сайлауында қолданылатын бюллетендерді көрсетті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

03.11.2022
Жаңалықтар

«ҚР сайлау туралы» конституциялық заңның 12-бабының 6-тармақшасына және өзінің өкілеттіктеріне сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетень формасы мен мәтінін, оларды дайындау тәрбітін сондай-ақ бюллетеннің қорғалу дәрежесін белгілейді», — деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі отырыста.

«ҚР Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, сайлау бюллетеніне барлық тіркелген кандидаттар мемлекеттік тілдегі әліпби ретімен тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып жазылған және «Бәріне қарсымын» деген жол енгізілген.

Осылайша, бюллетенде Әбден Қарақат Жақсылыққызы, Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы, Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, Қажыкен Мейрам Зекешұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы және «Бәріне қарсымын» бағанасы бар.

«Сайлау туралы» конституциялық заңның 37-бабына сәйкес, бюллетендер сайлау округіндегі сайлаушылардың жалпы санының 1 пайызы мөлшерінде резервпен дайындалады.

Заң талаптарына сәйкес, сайлау бюллетендері сақталатын ғимарат толық мөрленіп, ішкі істер органдары күзетіне тапсырылады.

Ұсынылған сайлаушылар тізіміне сәйкес, біртұтас жалпыұлттық сайлау округы бойынша, 11 млн 950 мың 485 сайлаушы бар.

Осылайша, 1 пайыз резервпен сайлауға 12 млн 69 мың 990 бюллетень жасалады.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz