Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент сайлауы: байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді

Елімізде өтетін кезектен тыс президент сайлауына орай байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов айтты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

28.10.2022
Жаңалықтар

«Байқаушылардың Әдеп кодексі әзірленді. 3 қарашада барлық серіктестеріміздің, кандидаттардың республикалық штаб өкілдерінің басын қосуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, тәжірибеде байқаушылардың өздері заң бұзушылыққа жол беретіні кездеседі. Алдағы өтетін кездесуде аталған құжатты талқылап, қабылдауды көздеп отырмыз. Одан кейін оны жұмыс істеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жібереміз», — деді Төлеген Күнәділов елордада өткен брифинг барысында.

Ол байқаушылар заңдылық пен ашықтықты сақтап, барлық кандидатқа бейтарап болуы тиістігін баса айтты. Сонымен қатар соңғы уақытта байқаушылар тарапынан сайлау үдерісіне қызығушылық артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

«Егер 2010 жылғы сайлауға 29 мың адам байқаушы ретінде қатысса, 2019 жылы олардың саны 45 мыңға жетті. Ал 2021 жылы өткен парламенттік сайлауға 74 мың байқаушы тіркелді. Қоғамның қызығушылығы артып келеді. Азаматтық қоғам байқаушы ретінде көп қатысқан сайын азаматтардың таңдауы заңмен қорғала түседі», — деді орталық төрағасы.

Тегтер: президент сайлауы 2022

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттары жаңартылды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстан бойынша Digital Nauryz аясында ЖИ-дәрістер мен ашық кездесулер өтеді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz