Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтап, елорданы Тәуелсіз Қазақстанның символы әрі елдің жүрегі деп атады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026
Жаңалықтар, Саясат

Мемлекет басшысының айтуынша, Астана – егемен еліміздің жүрегі, жарқын болашаққа ұмтылған ұлттың жасампаз күш-қуатының қайнары. Мемлекет басшысы халық тағдырына тікелей әсер ететін маңызды шешімдердің дәл осы қалада қабылданатынын атап өтті.

Тоқаев елорданың ауқымды тарихи өзгерістердің қозғаушы күшіне айналғанын айтып, бүгінде сапалық тұрғыдан жаңа басқару жүйелері енгізілген «ақылды қала» мәртебесіне ие болғанын жеткізді.

«Сонымен бірге елордамызда саябақтар, гүлзарлар, балаларға арналған алаңдар салынды. Осының бәрі Астана тұрғындары мен қонақтары үшін жасалып жатыр. Елорда күні қарсаңында ұлт жылнамасындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңіне жол ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні бар. Шын мәнінде, осы тарихи оқиға билік пен қоғамның негізгі институттарын жаңғырту ісінің бастауы саналады», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елорданың мәртебесі туралы жаңа конституциялық заң Астананың саяси, әкімшілік, экономикалық және мәдени орталық ретіндегі рөлін күшейтіп, мемлекет дамуындағы айрықша маңызын айқындай түскенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың халықаралық беделі де артып келе жатқанын айтып, аймақтық және жаһандық саясаттың өзекті мәселелері бойынша маңызды шешімдердің елордада қабылдануы соның айқын дәлелі екенін жеткізді.

Президенттің пікірінше, бас қала жауапты азаматтық ұстанымға, «Заң мен Тәртіп» және «Таза Қазақстан» қағидаттарына негізделген жаңа қоғамдық этиканың жарқын үлгісі болуға тиіс.

Сөз соңында Мемлекет басшысы Астананың Әділетті Қазақстанды құру жолында үлгі көрсетіп, одан әрі өсіп-өркендей беретініне сенім білдіріп, елорда тұрғындары мен барша қазақстандықтарға амандық пен табыс тіледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер ескертті: Қазақстанда 41 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Көлсай көлінде 16 жастағы қызды жылан шағып, ауруханаға жеткізілді

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Қапшағайда OCEANMAN QAZAQSTAN – 2026 халықаралық фестивалі аяқталды

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Президент қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
06.07.2026

Ұлттық домбыра күні Алматы облысында кең көлемде аталып өтті

Қорлан Нұрланқызы
05.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz