Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Президент білім саласына қатысты маңызды заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің құқықтық қорғалуын күшейтуге және білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026
Жаңалықтар, Саясат

Құжатта мұғалімдердің мәртебесін арттырудан бастап, академиялық адалдық қағидаттарын енгізуге дейінгі бірқатар маңызды өзгерістер қарастырылған.

Заңға енгізілген түзетулер Президенттің 2025 жылғы 15 тамызда өткен Тамыз конференциясында берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді. Негізгі мақсат – педагогтердің құқықтарын қорғау, оларды кәсіби қызметіне қатысы жоқ міндеттерден босату, әкімшілік жүктемені азайту және білім беру саласындағы заңнаманы жетілдіру.

Жаңа нормаларға сәйкес педагогтердің, сондай-ақ мектептер мен өзге де білім беру ұйымдары басшылығының білім алушылар үшін жауапкершілігі тек білім беру процесі барысында ғана сақталады. Ал баланың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі нақты айқындалды.

Заңда педагогтерден білім беру саласындағы заңнамада көзделмеген есептер мен мәліметтерді талап етуге тыйым салынады. Сонымен қатар құжаттаманы бір мезгілде қағаз және электронды форматта жүргізуге мәжбүрлегені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.

Түзетулердің тағы бір маңызды бағыты – мектептерде ұялы телефондарды пайдалану тәртібін реттеу. Енді Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың ұялы байланыс құрылғыларын пайдалану қағидаларын бекітетін болады.

Сондай-ақ заңға алғаш рет академиялық адалдық ұғымы енгізілді. Бұл бастама зияткерлік меншікке құрмет мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған.

Құжатта өңірлік олимпиада, ғылыми жоба, спорттық жарыс және кәсіби шеберлік байқауларының жеңімпаздарын қолдау тетіктері де қарастырылған. Енді жергілікті атқарушы органдар республикалық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысатын өңірлік жеңімпаздардың қатысуын қамтамасыз етуге міндетті болады.

Бұдан бөлек, WorldSkills халықаралық кәсіби шеберлік жарыстарының жеңімпаздарына Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына бейіндік мамандықтар бойынша түсу мүмкіндігі беріледі.

Заң аясында психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін балаларға көрсетілетін көмек көлемі де кеңейтіледі. Сонымен қатар бірқатар нормалар шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының қызметін реттеуге және медициналық кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Мамандардың пікірінше, қабылданған өзгерістер педагогтердің жұмыс жағдайын жақсартуға, білім сапасын арттыруға және білім беру жүйесіндегі жауапкершілік тетіктерін нақтылауға мүмкіндік береді.

Тегтер: Басты жаңалықтарҚазақстанҚасым-Жомарт Тоқаев

Соңғы жаңалықтар

Президент білім саласына қатысты маңызды заңға қол қойды

Қорлан Нұрланқызы
13.06.2026

Алатауда Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Қонаевта нашақорлықтың алдын алуға арналған денсаулық фестивалі өтті

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Экология министрлігі Шарын ұлттық паркі туралы қызықты деректер жариялады

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

Ұйғыр ауданында «ӨРІК FEST – 2026» фестивалі өтеді

Қорлан Нұрланқызы
12.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz