Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылып, орнына Ербол Дәненұлы Адаев тағайындалды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Тілекұлы Ерғарин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.
Ал Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды.





