Алмас үйінің жалғыз ұлы болған. Отан алдындағы борышын өтегенге дейін құтқарушы мамандығын бітірген. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға келген қаруластары мен әскери бөлім командирі Алмастың көзсіз ерлігі жайлы баяндап берді. Қаруластарын құтқарамын деп жүргенде жас жігіттің басына темір құрастырма құлап, ауруханада қайтыс болды. Алмас Шахимов мемлекеттік наградаға ұсынылған. Әйтсе де, сарбаздың ажалына жауаптылар болуы тиіс деп санайды, жақындары.
«Әскерге ешкім шақырған жоқ. Өзі әскерге барам деп кеткен. Өз аяғымен кетіп еді. Өлтіріп, табытқа салып алып келді. Әскерде тәртіптің жоқтығы бұл. Палатқа құлағанда ішінде балалар айғайлады деді. Балалар айғайлағаны қалып қойған. Соған командир кірмей, неге солдат кіреді?», – деді марқұмның әжесі Гүлмайда Туғамбаева.