Басылым мәліметінше, қаскөйлер танымал жұмыс іздеу платформалары мен әлеуметтік желілерге жалған жұмыс жариялап, жұмыс іздеп хабарласқан адамдарға күмәнді сайттар мен мобильді қосымшалардың сілтемелерін жібереді.
Полиция мәліметінше, мұндай хабарландыруларға сенген азаматтар кейін жалған анкеталар немесе сайттарға өтеді. Кейбір жағдайларда алаяқтар «жұмысқа қажет» деген желеумен арнайы қосымша орнатуды сұрайды, алайда ол қосымша зиянды вирустар мен фишингтік бағдарламалардан тұрады.
Кейбір жағдайларда азаматтар «шетелде жұмыс» деген алдамшы ұсыныстарға алданып, еңбек құлдығына немесе жыныстық мақсатта пайдалануға тап болған фактілер де тіркелген.





